Жалағаш кенті, Ұлы Жеңістің 50 жылдығы №20 үйде орналасқан «Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кабинетінің әдіскері лауазымы бос орынға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) “педагог-модератор”:
“педагог” біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
озық білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату;
жарияланған әдістемелік материалдарының болуы;
2) “педагог-сарапшы”:
“педагог-модератор” біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыс дағдыларын пайдалану;
білім беру процесінің өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына қатысу;
3) «педагог-зерттеуші»:
«педагог-сарапшы» біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
қосымша білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені тарату;
облыс, республика деңгейінде мастер-кластар, педагогикалық шеберханалар, семинарлар ұйымдастыру;
қосымша білім беру саласында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу;
4) «педагог-шебер»:
«педагог-зерттеуші» біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнім әзірлеу;
облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру,
қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысу;
қосымша білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.
Лауазымдық міндеттері: аудан (қала) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңде әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді;
жетекшілік ететін мәселелер бойынша, оның ішінде дене шынықтыру-бұқаралық жұмыстар бойынша білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды;
педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;
білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
педагогтарға көмек ретінде библиографиялық анықтамалықтар, әзірлемелер, тестілік және өзге де материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттердің, аудан (қала)педагогтерінің назарына жеткізеді;
оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;
педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесіне мониторинг жүргізеді және таратады;
педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;
есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау, қорыту және тарату әдістемесі;
педагогикалық этиканың нормалары;
педагогика және жас психологиясы негіздері;
дидактика принциптері, оқытудың жалпы және жеке әдістері;
әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 255633 – 265101 теңге аралығы (экологиялық коэффициентті қоспағанда).
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) түйіндеме.
12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады.
Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен растайды.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде (2025 жылғы 27 ақпан күні сағ. 19.00-ге дейін) «Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кеңсесі арқылы қабылданады.
Конкурс 2025 жылғы 28 ақпан күні «Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогі лауазымына конкурсты өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын лауазымдық міндеттері мен біліктілік талаптары туралы қосымша анықтаманы «Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.
тел.: 21-4-48, zhalagash_raioo@mail.kz